Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын кәсіби білікті маман. “Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ ” – десек , сол білімді ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар кәсіби біліктіліктерін қалыптастырып, шеберліктерін шыңдайтын білім ордасы- ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі. Мұндағы басым бағыттың бірі - еңбек нарығына қажетті маман даярлау болып табылса, кәсіптік білім беру саласында жас мамандардың білімдері мен кәсіби біліктіліктерін дамуына үлес қоса отырып, колледж жұмыстарының мәртебесін көтеріп, алға басуына үлкен еңбек етіп келе жатқан шебер басшы, колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Сәбит Қайырбекұлы Байсеркин.