Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Іс шара

Дәстүрлі аймақтық «Үздік маман -2022» байқауы

28-ші қазан күні колледжде «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша дәстүрлі аймақтық «Үздік маман -2022» байқауы өтті. Болашақ дәнекерлеушілер байқауына Шет агротехникалық, Ақтоғай агротехникалық, Балқаш техникалық колледжінің студенттері қатысты. Ең алдымен байқауға қатысушылар шеберханада қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқау алып, берілген модульдердің тапсырмасын орындауға жауапкершілікпен кірісті. Байқау қорытындысы бойынша жоғары ұпай санымен ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің студенті Жақсылықов Нұрсұлтан 1-ші орын иеленіп байқау жеңімпазы атанды. Ақтоғай агротехникалық колледжінің студенті Өмірзақ Ертілеу 2-ші орын, Шет агротехникалық коллледжінің студенті Аман Арман 3-ші орын дипломдарымен марапатталып, сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің 2 курс студенті Аманбек Нұршатқа сертификат берілді. Байқауға студент дайындаған өндірістік оқыту шеберлері Смагулова С.М., Хайдар Н.М. ,Қыздарбеков А.С., Баймуханова А.С. алғыс хаттармен марапатталды.


Баймуханова А.С, Смагулова С.М

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Іс шара
2022 ж. 14 қараша
"Біз жемқорлыққа қарсымыз" атты суреттер байқау

"Біз жемқорлыққа қарсымыз" атты суреттер байқау

Толығырақ
Іс шара
2022 ж. 14 қараша
Дәстүрлі аймақтық «Үздік маман -2022» байқауы

Дәстүрлі аймақтық «Үздік маман -2022» байқауы

Толығырақ
Іс шара
2022 ж. 14 қараша
Кітап көрмесі

«Қазақстан – менің туған өлкем!» атты кітап көрмесі

Толығырақ
Іс шара
2022 ж. 14 қараша
Балқаш техникалық колледжінің шеберханасы электргазымен дәнекерлеу мамандығы бойынша аймақ аралық өтетін сайысқа ЭГС-20-1 тобының екі студенті дайындық үстінде.

ЭГС-20-1 тобының екі студенті дайындық үстінде.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+7(71036)4-12-14
bpl-4@mail.ru
г.Балхаш ул. Мира 7
https://btk.mycollege.kz/