Спорт

14.02.2022 жылы 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне 33 жыл толуына орай және  екі мәрте совет одағының батыры Т. Бегельдиновтың 100 жыл толуына орай колледжде әскери-спорттық жарысы ұйымдастырылып өткізілді.

2022 ж. 16 ақпан

14.02.2022 жылы 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне 33 жыл толуына орай және  екі мәрте совет одағының батыры Т. Бегельдиновтың 100 жыл толуына орай колледжде әскери-спорттық жарысы ұйымдастырылып өткізілді. 2021-2022 оқу жылында жоспарлы түрде өткізіліп жатқан «Жас сарбаз» үйірмесі бойынша колледжішілік 1 курстар арасында әскери және спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс мақсаты: Оқушыларды әскери бағытта тәрбие бере отырып, Отан алдындағы міндеттерге баулый отырып патриоттық тәрбиені жандандыру. Өз мүмкіндіктерін артыра отырып, шыңдау, жетілдіру. Бұл іс - шараға Ауған соғысының ардагері: Лобановский Владимир Николаевич келіп қатысты. Оған 1- курстың 5 тобы қатысты. Жарыс барысы екі кезеңнен ұйымдастырылды. I- кезең Әскерилендірілген эстафеталық жарыс, II-кезең Жекеленген жарыс түрінде. Жекеленген сайыс түрлері: «Автоматты толық емес бөлшектеу», «Пневматикалық қарудан ату», «Оқжарақтан оқты алу және жинау», «Денені еденде жатып көтеру», «16 кг гирдан» әр командадан жекеленген оқушылар қатысып жеңімпаздар анықталды.

 I- кезең Әскерилендірілген эстафеталық жарыс бойынша ТОРА-21-1 тобының командасы I – жүлделі орынға, К – 21-1 тобының командасы II- орынға, ЭГС-21-1тобының командасы III-орындарды иеленді.

II-кезең Жекеленген жарыс түрінде. Жекеленген сайыс түрлері бойынша  «Автоматты толық емес бөлшектеу» сайысында үздік жеңімпаздар анықталып жүлделі I-орынға К-21-1 тобының оқушысы Сайлау Нұрсеит, II- орынға Э-21-1 тобының оқушысы Менлибаев Берекебай, III-орынға МС-21-1тобының оқушысы Қайратұлы Айбын марапатталды. «Пневматикалық қарудан ату» сайысы бойынша жүлделі I-орынға МС-21-1 тобының оқушысы Сағандықов Досымжан, II- орынға К-21-1тобының оқушысы Абдирбаев Жансерік  , III-орынға ЭГС-21-1тобының оқушысы Шарапов Михаил марапатталды. «Оқжарақтан оқты алу және жинау» сайысы бойынша жүлделі I-орынға ЭГС-21-1 тобының оқушысы Крыкбаев Фархат, II- орынға Э-21-1тобының оқушысы Хожабаев Дәулетхан , III-орынға ТОРА-21-1тобының оқушысы Осипов Станислав марапатталды., «Денені еденде жатып көтеру» сайысы бойынша жүлделі I-орынға К-21-1 тобының оқушысы Балтабай Серікжан, II- орынға ЭГС-21-1тобының оқушысы Қанат Нұртас, III-орынға ТОРА-21-1тобының оқушысы Кадергалиев Тахир марапатталды «16 кг гирдан» сайысы бойынша жүлделі I-орынға ТОРА-21-1 тобының оқушысы Серік Темірлан, II- орынға ЭГС-21-1тобының оқушысы Аманбек Нұршат, III-орынға МС-21-1тобының оқушысы Игенбай Берікбол марапатталды.

 

ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы: Н.Т.Есентаев

Тақырып бойынша басқа жазбалар

график занятости спортзала.pdf
Толығырақ
график занятости спортзала за 2 семестр 2021-2022 года.pdf
Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+7(71036)4-12-14
bpl-4@mail.ru
г.Балхаш ул. Ж.Абугалиева 7
https://btk.mycollege.kz/