Студенттік үкімет

2019 ж. 21 маусым

Колледжде студенттердің өзін-өзі басқару органы болып табылатын жастар ісі жөніндегі Комитет жұмыс істейді.

Жастар ісі жөніндегі Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы N 319 Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының негізгі идеялары мен қағидаттарына негізделеді: БҰҰ Бас Ассамблеясының "жастарды дамыту жөніндегі Дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы" 50/81 қарары, Бала құқықтары туралы конвенция, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Президенттің "Қазақстан-2030", "Қазақстан-2050"Қазақстан халқына Жолдаулары. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы", кәсіптік-техникалық білім беру туралы Үлгілік ереже".

Жастар ісі жөніндегі комитетке 1 және 2 курс топтарының өкілдері кіреді. Отырыс айына 1 рет өткізіледі, қажеттілігіне қарай топ жетекшілерімен бірлесіп төтенше отырыс шақырылады.

Жастар ісі жөніндегі төраға Э-17-1 тобының 2 курс студенті Бачевский Владислав болып табылады.

Жастар ісі жөніндегі Комитет колледждің барлық мәдени-бұқаралық іс-шараларын тікелей ұйымдастырушы болып табылады.

 

 

  

Бізді қалай таба аласыз

+7(71036)4-12-14
bpl-4@mail.ru
г.Балхаш ул. Ж.Абугалиева 7
https://btk.mycollege.kz/