Тілдер патшалығы
Үш тілде білім беру апталығын өткізу жоспарына сәйкес 2022 жылдың 16 наурызында "Тілдер патшалығы" (қазақ, орыс және ағылшын тілдері) ойын - викторинасы өткізілді. Викторинаның мақсаты оқушылардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын дамыту, орыс, қазақ және ағылшын тілдеріне ұқыпты қарауды қалыптастыру болды. Викторина ойыны 5 турдан тұрды. Қатысушылар 1 курс студенттері Қуандық Нұралы, Шарапов Михаил, Мамашев Дулат, Тлеубекова Анель, Дидарұлы Нұртілек, Мәдениет Еламан, Сафронов Никита, Қайратұлы Айбын, Сағандықов Досымжан болды. Ойын-викторинада Әнел Тілеубекова жеңіске жетті. Барлығы 15 студент, 7 педагог қатысты. Ойын-викторинаны дайындаған оқытушылар: Абенова А. О., Кадбулина А. М., Алибаева Р. б., Жетписбекова г. К.