"Құқықтық навигатор "ақпараттық-құқықтық әңгіме"Фемида сабақтары" өтті.
Р.Қошқарбаев атындағы БТК 31.05.2021 ж Облыстық құқықтық сауаттылық апталығы аясында: "құқықтық навигатор" "Фемида сабақтары"ақпараттық-құқықтық әңгіме өтті. Мақсаты: студенттерде құқықтық мәдениеттің негіздерін қалыптастыруды жалғастыру; оларды жасалған әрекеттері үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болуға үйрету. Азаматтықты тәрбиелеуге, заңды, әлеуметтік және құқықтық нормаларды құрметтеуге ықпал етуді жалғастыру. Белсенді өмірлік ұстаным мен гуманизмді тәрбиелеу.
Ақпараттық-құқықтық әңгімеге 1 курс студенттері қатысты. Жауапты: әлеуметтік педагог Тойганбаева а.студенттерді қамту 58.