Дәнекерлеушілер сайысы
Дәнекерлеушілер сайысы
22-ші қазан күні ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде «Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы аясында» «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша колледж студенттері арасында дәстүрлі аймақтық «Үздік маман- 2021» байқауы өтті.
Аталмыш байқауға Шет агротехникалық колледжі, Ақтоғай агротехникалық колледжі, Балқаш қаласынан «Қазақмыс» корпорациясы Политехникалық колледжі және ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің студенттері қатысып өзара бақ сынасты.
Байқау техникалық және кәсіптік білім беруге жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, берілген мамандық бойынша студенттердің білімдері мен кәсіби біліктіліктерін бекіту мақсатында өткізілді.
Салтанатты шараны алғы сөзімен ашқан техникалық колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Байсеркин Сәбит Қайырбекұлы, дәстүрлі байқаудың алтыншы мәрте өткзіліп жатқанын айта отырып, басты бағыт кәсіби шеберлікті арттыру екенін баса айтып, қатысушыларға сәттлік тіледі. Байқау қорытындысы бойынша Шет агротехникалық колледжінің студенті Қайратов Жангелді 1-ші орынды жеңіп алды.
2-ші орынды ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің студенті Бахтаев Дарын мен «Қазақмыс» корпорациясы Политехникалық колледжінің студенті Пилюгин Артем иеленді.
3-ші орын Ақтоғай агротехникалық колледж студенті Ватрацков Қозыбақ және ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің студенті Жұмабеков Әлішерге берілді.
Осы байқауға студенттерді дайындаған үшін өндірістік оқыту шеберлері: Қыздарбеков Ануарбек, Баймуханова Айжан, Мухамеджанов Серик, Смагулова Сауле, Хайдар Нұрлан алғыс хаттармен марапатталды.